Шығыс Қазақстан облысында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Бүгін фестиваль соңы аламан бәйгеге ұласты.
Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман-есен қайтудың тәртібін түсіндірді
Фото: polisia.kz
144
оқылды

Халықаралық Altai Fest фестивалі аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындар мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды. Бұл туралы Aikyn.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Фестиваль барысында полиция қызметкерлері азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңестер беруде. Сонымен қатар демалушыларға заң талаптарын сақтау, жеке және қоғамдық қауіпсіздік қағидаларын еске салатын ақпараттық жадынамалар таратылуда. Көші-қон қызметінің мамандары шетелдік қонақтармен жұмысқа ерекше көңіл бөлуде. Олар көші-қон заңнамасы бойынша кеңес беріп, Қазақстан Республикасында болу тәртібімен таныстыруда. Сондай-ақ туристердің қажетті жағдайда жедел көмекке жүгіне алуы үшін "SAFETRAVEL.KZ" ақпараттық карталарын үлестіруде.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері фестиваль қатысушыларымен профилактикалық кездесулер өткізіп, есірткі құралдарының заңсыз айналымының зардаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында тақырыптық ақпараттық буклеттер таратуда. Жол қозғалысы қауіпсіздігі де ерекше бақылауда.

Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаудың маңызын түсіндіріп, фестиваль кезінде көлік қозғалысы мен келушілер санының артуына байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардың өзара жауапкершілігіне назар аударуда. Профилактикалық жұмыстар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады. Азаматтармен ашық диалог орнату, дер кезінде ақпараттандыру және ықтимал қауіптердің алдын алу фестиваль қонақтарының мерекелік іс-шаралар барысында өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік береді.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауылында  «Алтай – түркі елінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.