Екі күнге созылған іс-шараға 70 мыңнан астам қонақ келіп, 56 тонна қымыз ұсынылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Байқауға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген өндірушілер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Қатысушылар қымыздың сапасы, дәмі, дайындалу ерекшелігі мен ұлттық дәстүрге сәйкестігі бойынша сынға түсті.
BaiQymyz негізгі байқауының жеңімпаздары:
Гран-при – Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Qymyznai Qymyzy қымызы.
Алтын жүлде – Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, «Ағабек ата ерекше қымызы».
Күміс жүлде – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Saryarqanyn saf qymyzy.
Қола жүлде – Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Qarakush қымызы.
«Ем қымыз» номинациясы:
Алтын жүлде – Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Баянның бал қымызы».
Күміс жүлде – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Saryterek қымызы.
Қола жүлде – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Sarybel қымызы.
«Халық таңдауы» номинациясы:
Алтын жүлде – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Теректінің текті қымызы».
Күміс жүлде – Абай облысы, Абай ауданы, Sarzhal Bakytzhan қымызы.
Қола жүлде – Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Ақтоған» қымызы.
Арнайы номинациялар жеңімпаздары:
«Алтын күбі» номинациясы – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Bizdin Qymyz.
«Алтын саба» номинациясы – Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай қымызы.
«Алтын шара» номинациясы – Ресей Федерациясы, Омбы қымызы.
«Күміс тостаған» номинациясы – Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Saba қымызы.
«Күміс торсық» номинациясы – Абай облысы, «Тоқаш ана» шипажайы.
«Қымыз серті» номинациясы – Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Ләйлә» өнімі.
«Жайлау дәмі» номинациясы – Zhanten қымызы.
«Дәстүр сақтаушы» номинациясы – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Ақтерек» қымызы.
«Үздік дизайн» номинациясы – Абай облысы, Абай ауданы, «Әділ қымыз».
«Дәм шебері» номинациясы – Алматы облысы, «Ақсақал» қымызы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
