Астанада 35-39 градус аптап ыстық болады.
45 градус ыстық: 14 шілдеге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
258
оқылды

Қазгидромет 14 шілдеде ауа райына байланысты барлық өңірде дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 43 градусқа дейін, ал Қызылорда облысының оңтүстігінде 45 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ, дауыл, тұман және шаңды дауыл болады.

Астанада 35-39 градус аптап ыстық болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл мен шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге, кей уақытта 23 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста секундына 15-20 метрге, оңтүстік-шығыста кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Көкшетауда күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстікте жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні батыста, солтүстікте және оңтүстікте секундына 15-20 метрге, күндіз оңтүстікте кей уақытта 25 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. 

Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ пен дауыл болады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы батыста, солтүстікте және оңтүстікте секундына 15-20 метр болады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен шығысында жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстікте, оңтүстікте және шығыста секундына 15 метрге жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз 30-37 градус аптап ыстық болады. Күндіз солтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз солтүстікте, оңтүстікте және орталықта секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында күндіз 30-37 градус қатты аптап болады. Күндіз батыс пен солтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстік-батысы мен орталығында жоғары, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз таулы аудандарда кей уақытта жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, оңтүстікте, тау бөктері мен таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35-39 градус аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігінде төтенше, батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар.

Алматыда ауа температурасы 32-34 градус болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта 37-39 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысында күндіз 32-37 градус аптап ыстық сақталады. Күндіз оңтүстікте және таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні шығыс пен таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында 37-42 градус ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі бар. Күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі болады. Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі болады. Шымкентте күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз 37-43 градус қатты ыстық сақталады, ал оңтүстікте ауа температурасы 45 градусқа дейін жетіп, аптап ыстық болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы күндіз солтүстікте және орталықта секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, ал орталық пен солтүстікте жоғары өрт қаупі болады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, шығыста екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және шаңды дауыл болады. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, солтүстікте екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35-38 градус аптап ыстық сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар. Оралда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.