Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.
48 градусқа дейін ыстық: 16 шілдеге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
127
оқылды

Қазгидромет 16 шілдеде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 16 шілдеде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 16 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 16 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 16 шілдеде күндіз 42-44 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 16 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 16 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 16 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 16 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 16 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 16 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 16 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 16 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады, күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды бұрқасындатады деп болжанады. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қостанайда 16 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 16 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Облыстың орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 16 шілдеде күндіз 42-44 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Петропавлда 16 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбеде 16 шілдеде батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 16 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз 39-41 градус қатты ыстық болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.