Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында туған.
Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "қаржы" мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.
Еңбек жолы
12.12.2008–18.02.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;
18.02.2009–16.07.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы;
16.07.2009–28.10.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
28.10.2010–23.11.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
23.11.2010–07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
07.03.2013–26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы;
26.08.2013–08.08.2016 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Астана қаласы
09.08.2016–01.08.2017 ж. -– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы, Астана қаласы;
02.08.2017–31.01.2019 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;
01.02.2019–03.07.2019 ж. – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі;
29.08.2019–2020 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы;
14.10.2020–02.2022 ж – Сарыарқа ауданының әкімі;
09.02.2022–19.09.2022 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары;
19.09.2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.
