Алтын жүлдені Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Айзере Женісханова жеңіп алды.
Қазақстандық оқушылар халықаралық химия олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды
289
оқылды

Қазақстан құрамасы халықаралық химия олимпиадасында (IChO) жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 1 алтын және 3 күміс медаль салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алтын жүлдені Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Айзере Женісханова жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:

Әбілмансұр Қали (Астана қаласындағы НЗМ);

Данил Полетаев (Алматыдағы №134 лицей);

Ансар Жақсылықов (Spectrum International School, Астана).

Ұлттық құраманы халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, KAIST университетінің студенті Санжар Бегдаир мен химия және экономика магистрі Ануар Нұртазин дайындады.

Биылғы олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 350-ден астам оқушы қатысып, бес сағатқа созылған теориялық және практикалық кезеңдерде бақ сынады.

Айта кетейік, Қазақстан халықаралық химия олимпиадасына 1998 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Бұған дейін еліміздің оқушылары халықаралық физика олимпиадасында алғаш рет бес алтын медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке қол жеткізген болатын.