Жоба көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға, жол желісінің кептеліс деңгейін төмендетуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Алматы – Қаскелең» учаскесінде жолды 8 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары басталды
Фото: gov.kz
268
оқылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында ұзындығы 8 шақырымды құрайтын «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының Алматы қаласынан Қаскелеңге дейінгі учаскесін кеңейту жобасы іске асырыла бастады. Қазіргі таңда жолдың жүру бөлігін 8 жолаққа дейін кеңейту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қолға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жобаны іске асыру аясында қолданыстағы жол учаскесінде заманауи көлік инфрақұрылымы қалыптастырылады. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 527 метрді құрайтын 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, жалпы ұзындығы 282 метр болатын 2 кері бұрылыс көлік айрығы, автопавильондары бар 23 автобус аялдамасы, ұзындығы 12,9 шақырым сыртқы жарықтандыру жүйесі, су өткізу құрылыстары және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи элементтер салынады. Сонымен қатар  ұзындығы 18,5 шақырымнан асатын металл тосқауыл қоршаулар орнатылып, 305 жол белгісі қойылады.

Қазіргі уақытта нысанда қажетті жол-құрылыс техникасы мен мамандар толық жұмылдырылған. Жұмыс алаңында экскаваторлар, бульдозерлер, автосамосвалдар, фронтальды тиегіштер, автогрейдерлер және өзге де арнайы техникалар тартылған. Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр: топырақтың құнарлы қабаты алынып, жол жолағы шегіндегі жасыл желектер тазартылып, құрылыс жұмыстарының келесі кезеңдерін жүргізуге арналған аумақ әзірленуде.

«Алматы – Қаскелең» учаскесін жаңғырту қолданыстағы инфрақұрылымдық шектеулерді жоюға және осы бағыттағы жүк және жолаушылар трафигінің одан әрі өсуіне ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.