Алматы облысындағы Қайыңды көліне апаратын аудандық маңызы бар автомобиль жолы тамыз айында ел игілігіне беріледі.
Қайыңды көліне апаратын автожол құрылысы тамыз айында аяқталады
Фото: gov.kz
256
оқылды

Алматы облысының әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда өрге қарай бағытталған ойлы-қырлы жол тегістеліп, негізгі жұмыстар тәмамдалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Енді асфальт төсеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін жол бойындағы 42 (100%) су өткізгіш құбыр толық орнатылып, 2,5 шақырым жол асфальтталды.

Жолдың жалпы ұзындығы – 10 шақырым. Жоба өткен жылдың қазан айында басталған. Жалпы құны – 2,43 млрд теңге. Биыл жол құрылысына жергілікті бюджеттен 1 374,9 млн теңге қаржы бөлінген.

Жоба өңірдегі көлік инфрақұрылымының талапқа сай болуына, жол сапасының жақсаруына септігін тигізеді. Жаңа жол пайдалануға берілгеннен кейін Қайыңды көліне қатынау едәуір жеңілдейді. Бұл өңірге келетін туристер санының артуына оң ықпал етеді. Осылайша, көрікті мекеннің сұлулығын тамашалауға асыққан қонақтар межелі жерге жылдам әрі қауіпсіз жете алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.