Мемлекет басшысының Жарлығымен бірнеше елші тағайындалды. Бұл туралы Aiken.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды; Сондай-ақ Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
