Актриса бұл туындыны алғашқылардың бірі болып өзі көрген.
"Жылаймын, жүрегімдесің": Дариға Бадықова көз жасына ерік берді (видео)
Фото: instagram.com/dariga_badykova
188
оқылды

Продюсер, актриса Дариға Бадықова өзі түсірген "Соңыра" фильмін тамашалап отырған сәттегі бейнежазбаны жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Актриса бұл туындыны алғашқылардың бірі болып өзі көрген. Өнер иесі фильмді көріп, көз жасына ерік берді.

"Жылаймын жылаймын. Бұл фильмнің тезірек жарыққа шығып, сіздермен қауышқанын асыға күтіп жүрмін. Өйткені сценарийі де, драматургиясы да өте мықты. Әр кейіпкердің тағдыры, әр диалогтың салмағы бар. Жүрегімдесің "Соңыра", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұл фильм құтқарушылардың өмірі туралы түсірілген.

Желі қолданушылары бұл туындыны асыға күтетінін айтып, пікір жазып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.