Алматыда биыл көппәтерлі тұрғын үйлердегі 105 жеделсатыны ауыстыру жоспарланған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаңартылатын жеделсатылардың 47-сі 25 жылдан астам уақыт пайдаланылған, ал 58-і техникалық тұрғыдан күрделі жөндеуді қажет етеді. Жоба 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.
Қазір Алматыда 14,5 мыңға жуық жеделсаты пайдаланылуда. Оның ішінде 8,4 мыңнан астамы 2 671 көппәтерлі тұрғын үйде орнатылған.
Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жеделсатылардың тозу деңгейін ескере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада жыл сайын кемінде 150 жеделсатыны жаңарту қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
