Әлем чемпионаты Гонконг қаласында өтіп жатыр.
Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады
Фото: iStock
131
оқылды

Гонконг қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатында әйелдер арасында командалық турнир басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​16 үздік команданың қатарына ену үшін өткен алғашқы кездесуде Ирина Бакалдина, София Николайчук, Владислава Андреева мен Дарья Самоделкинадан құралған Қазақстан командасы Швеция командасымен шеберлік байқасты. Тартысты бәсекеде біздің спортшылар ерік-жігер танытып, 39:38 есебімен басым түсті.
​Сонымен бірге, қылыш бағдарламасында ерлер арасында да командалық сын өтіп жатыр. ТОП-16 қатарына өту жолында Қазақстан спортшылары Қытайға 29:45 есебімен есе жіберіп, жарысты аяқтады.
​Енді ширек финалға шығу үшін Қазақстан әйелдер құрамасы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі осы әлем чемпионатында жекелей сында топ жарған Сон Се Ра бастаған Оңтүстік Корея командасына қарсы кездесу өткізеді. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен сағат 09:30-ға жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.