Қазақстан грек-рим күресінен Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алғашқы медальді 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әли Алмас иеленді. Ол күміс жүлденің иегері атанды.
ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Әли Алмас ресейлік Солтан Юсуповпен белдесіп, 3:8 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Дияр Аманәлі алтын медаль жеңіп алған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
