Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Астанада 29 шілде-9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
