Ең жоғары температура оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталық аймақтарда болады.
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болатыны белгілі болды
Фото: istockphoto.com
160
оқылды

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте елімізде ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағының басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады.

Елдің басым бөлігінде өткінші жауын-шашын болады. Тек солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжанады.

Ең жоғары температура оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталық аймақтарда болады. Күндіз ауа температурасы +35...+40°C дейін жоғарылайды.

Ал еліміздің батысында 1 тамыздан бастап ауа райының өзгеруі басталады, ауа температурасы сәл төмендейді. Алайда климаттық нормадан жоғары болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.