Бұл – 2026 жылғы XX Азия ойындарына дайындық аясында қазақстандық спортшылардың FEI халықаралық турнирлеріндегі қатарынан екінші жоғары нәтижесі.
Қазақстан құрамасының спортшысы халықаралық турнирде үздік атанды
Фото: kazequestrian.kz
156
оқылды

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Олег Соколенко CSI2 Biskupiec 2026 (Польша)* халықаралық турнирінде үздік спортшылардың қатарынан көрінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Medium Tour (130 см) бағыты бойынша 57 спорттық жұп сынға түсті. Олег SHENANIGAN атымен жарыс жолын айып ұпайларынсыз аяқтап, 31,52 секунд нәтижесімен 4-орынды иеленді.

Бұл – 2026 жылғы XX Азия ойындарына дайындық аясында қазақстандық спортшылардың FEI халықаралық турнирлеріндегі қатарынан екінші жоғары нәтижесі. Нидерландыдағы сәтті өнер көрсеткеннен кейін Олег Соколенко халықаралық деңгейде өзінің жоғары дайындығы мен тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сондай-ақ, турнирде Қазақстан намысын Раиса Соколенко CHEVALIER атымен қорғады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.