Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қола медаль иегері:
Шыңғыс Карасаев – Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
Құрмет грамотасының иегерлері:
Рамазан Бутантаев – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
Аслан Ажибаев – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
Кирилл Тургумбаев – Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.
Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.
Олимпиадалық лингвистика – елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
