Бүгін, 5 тамыз күні сағат 20:26-да, «Жетінші арнаның» тікелей эфирінде Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат басталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Дебаттың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту. Қатысушылар өз ұсыныстарын таныстырып, саладағы өзекті мәселелерді талқылайды және көрермендердің сұрақтарына жауап береді.
Жеребе қорытындысы бойынша сөз сөйлеу реті төмендегідей анықталды:
- Respublica партиясы – Мейрамгүл Мәдәлі.
- «Ақ жол» партиясы – Дулат Тастекей.
- ЖСДП (ОСДП) – Мақсұт Насибулов.
- «Әділет» партиясы – Рауан Кенжеханұлы.
- «Байтақ» партиясы – Аслан Байзаханов.
- «Ауыл» партиясы – Шахмардан Байманов.
- Қазақстан Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов.
Эфир барысында көрермен интерактивті дауыс беруге қатысып, сондай-ақ «Жетінші арнаның» ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда дебатқа қатысты пікірін қалдыра алады.
Тікелей эфирді мына сілтемелер арқылы көре аласыздар: youtube.com/@TheSevenNews, youtube.com/@TheSevenChannel, TikTok, Facebook, Telegram.
