Қазгидромет 6 тамызда ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер, бұршақ, тұман және дауыл болады.
Астанада түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ақмола облысында түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады және жел күшейеді. Күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең батысында тұман болады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және жел болады.
Қостанай облысында таңертең және күндіз батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Батысында, шығысында және орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі, орталығында аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Орталығы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Шығысында түнде кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше, батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады.
Ұлытау облысында түнде шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігі мен орталығында жоғары, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, кей уақытта нөсер жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр күшейіп, найзағай, бұршақ және жел болады. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді.
Абай облысында түнде батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батысында, солтүстігінде және орталығында кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Тау бөктері мен таулы аудандарда кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі.
Жетісу облысында таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстігінде жоғары, солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыс бойынша төтенше, солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында күндіз оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Осы өңірлерде ауа температурасы +35...+37 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз ауа температурасы +35...+36 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз +35 градусқа дейін аптап ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі. Батысында жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-батысында ауа температурасы +35...+36 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
