Ұшу барысында кішкентай науқастың жағдайын санитариялық авиация дәрігерлері тұрақты бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Ұшу сәтті өтті.
Медицина авиациясы жаңа туған сәбиді облыс орталығына жеткізді
Фото: iStock
121
оқылды

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Қобда ауданынан Ақтөбе қаласына жаңа туған сәбиді облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізу үшін санитариялық авиация рейсін орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Санитариялық авиация рейстері төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін аса маңызды.
ТЖМ авиациясы адамдарды құтқару және шұғыл көмек көрсету міндеттерін тәулік бойы орындауға дайын екендерін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.