Бүгінде еріктілер 14 бағытта жұмыс істейді.
Еріктілер еңбегі бағаланады: ЖОО-ға қабылдауда ескеріледі
фото: www.istockphoto.com
109
оқылды

Елімізде волонтерлік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Құжат еріктілер қозғалысын жетілдіріп, әр саладағы жұмысты жүйелеуді көздейді,  деп хабарлайды Aikyn.kz cайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Салдарынан биылдан бастап жоғары оқу орындарына түсу кезінде мектеп түлектерінің қоғамдағы белсенділігі де ескеріледі. 

Құжатта салалық волонтерлікті дамытуға басымдық берілген. Бүгінде еріктілер 14 бағытта жұмыс істейді. Соның 12-сі бойынша арнайы әдістемелік құралдар дайындалған. Алдағы уақытта волонтерлерді жүйелі оқыту да жолға қойылады.

Мамандардың айтуынша, ерікті болу, еріккендердің тірлігі емес. Ол жастардың жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қабілетін шыңдап, кәсіби тәжірибе жинауына жол ашады.

Қазір елімізде 800-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Белсенділердің саны 300 мыңнан асса, өңірлерде 3,5 мыңға жуық бастамашыл топ қоғамдық жобаларды жүзеге асырып келеді.