Сондай-ақ «Балмұздақ» өнімдері бүгінде қазақстандықтардың сеніміне ие болған сапалы брендке айналғанын айтты.
Қиындыққа қарамай өндірісін тоқтатпаған кәсіпорын: Respublica «Балмұздақ» зауытында болды
фото: Respublica партиясының баспасөз қызметінен алынды
64
оқылды

Respublica партиясының Республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысы Ленгер ауданындағы «Балмұздақ» ЖШС-не барды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәсіпорынның тең құрылтайшысы, Respublica партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Диляфруз Мадиева қонақтарды зауыттың жұмысымен таныстырды. Мұнда бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпіріне жөнелтілетін балмұздақ өнімдері өндіріледі.

Экскурсия барысында кәсіпорында күтпеген жерден электр жарығы сөніп қалды. Қызметкерлердің айтуынша, мұндай жағдай оңтүстік өңірдегі өндіріс орындары үшін әлі де өзекті мәселе. Өндірісті тоқтатпай, тәуекелді азайту мақсатында зауытқа күн панельдері орнатылып, баламалы энергия көзі іске қосылған.

Партияның тең төрағалары Қуаныш Шонбай мен Динара Шүкіжанова дәл осындай кәсіпорындар ел экономикасының берік тірегі екенін атап өтті. Олар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдегі өндірісті дамытып, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып отырған еңбек ұжымдарына ризашылықтарын білдірді. 

Құрылтай депутаттығына кандидат Олжас Күспеков өндірістің тұрақты жұмыс істеуі үшін сенімді электрмен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және кәсіпорындарды қолдау партияның негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін жеткізді.

– Электр қуатының үзілуі, кәріз жүйесі мен инженерлік инфрақұрылымдағы түйткілдер кәсіпорындардың жұмысына тікелей әсер етеді. Біз қарапайым отбасынан шыққан адамдармыз, еңбектің қадірін жақсы білеміз. Сондықтан бұл мәселелерді заңнамалық деңгейде шешуге жауапкершілікпен қараймыз, – деді ол.

Екатерина Смолякова өндіріс саласындағы әйелдердің еңбегіне ерекше тоқталды.

– Әйел адамның жұмысы жұмыс орнында аяқталмайды. Қызметтен кейін оны үйдегі отбасы, бала-шағаның қамы күтіп тұрады. Біз осы еңбекті жоғары бағалаймыз және әлеуметтік мәселелерді жүйелі түрде көтеріп келеміз. Жуырда мектептерді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін кәсіпорындарды қаржыландыру мәселесін шешуге қол жеткіздік. Соның нәтижесінде 70 мыңға жуық қызметкер жалақысын уақытылы алатын болды. Бұл – нақты іспен дәлелденген жұмыстың нәтижесі, – деді ол Respublica партиясының өкілі.

Кездесу барысында кандидаттар отандық өндірушілерді қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және өңірлердегі өнеркәсіптің тұрақты өсімін қамтамасыз етуге қажетті нақты шаралар жөнінде де пікір алмасты.