Актер әлеуметтік желіде видео жариялап, өзі куә болған жағдайды баяндады.
«Балаларыңызға қарап жүріңіздерші...»: танымал актер ата-аналарға үндеу жасады (видео)
Фото: instagram.com/sakatovalmat
119
оқылды

Актер, режиссер Алмат Сақатов ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөлуді сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер әлеуметтік желіде видео жариялап, өзі куә болған жағдайды баяндады. Ол ата-аналарды бала тәрбиесіне мән беріп, қайда жүргенін қадағалап отыруға шақырды.

«Қалдарыңыз қалай? Немерелеріммен паркте жүрсем, бір жігіт қызды жылатып, парктің ортасында ұстап тұр. Бәріміздің қыздарымыз бар ғой, қасына барсам, «Шаруаңыз болмасын» деп жігіт маған атылды. Жігіт "менің қызым" деп айтты. Қызға «Жігітің бе?» десем, «иә» дейді. Не істейсің енді? "Бір - біріңді жақсы көресіңдер ме?" десем, «иә» дейді. Бала тәрбиелегенде, әсіресе мынау «қызға қырық үйден тыйым» дейді ғой. Сондықтан балаларыңыз аман болсын, қарап жүріңіздерші. Кіммен, қайда жүр? Таңертең әлі сағат он болған жоқ. Парктің ішінде не істеп жүр? Түріне қарасам, түнімен жүрген сияқты. Отан ошақтан басталады. Өз балаларымызды тәрбиелесек, қалғаны ешқайда кетпейді деп ойлаймын. Қыздарыңыз аман болсын», - дейді актер. 

Желі қолданушылары актерге қолдау білдіріп, қазір бала тәрбиесі маңызды мәселе болып тұрғанын айтты.

«Қазіргі жігіттер үйленбей жатып, қызға күйеуі сияқты билік жүргізеді», «Қыз ақымақтау болып тұр. Жігіт ол күйеуі емес, қандай құқы бар ренжітуге? Соны қыздарымыз түсінуі керек. Жігітім деп оған өзін ренжітіп қою дұрыс емес», «Өте дұрыс айтасыз», «Қыздарға сана берсін», «Тек қыздар емес, ұлдарды да тәрбиелеу керек», «Қыз баланы қадағалау керек!», Ұлды да, қызды да тиып отыру керек. Қазір ата-аналар мойындау керек, балаларымызды тым еркін ұстап, тым қатты еркелетіп отырмыз. Әр нәрсенің өз шегі болады» - деп жазды оқырмандар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.