Сиыр етінің орташа бағасы 3 778 теңгені, ал қой етінің бағасы 4 493 теңгені құрады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады
Фото: iStock
306
оқылды

2026 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағаның төмендеуі байқалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық статистика Бюросына сілтеме жасап.

Апта ішінде қияр (-2,4%), ақ қырыққабат (-2,1%), қызанақ, картоп (-1,7%), сүйексіз сиыр еті (-0,4%), алма (-0,3%), қарақұмық жармасы (-0,2%), қаймақ (-0,1%) бағалары төмендеді.

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан, сүйекті сиыр еті, тауық еті, құс еті, ет фаршы, сүзбе, айран және шай бағалары есепті аптада өзгеріссіз қалды.

Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қалаларында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Шымкентте (-0,4%), Павлодар мен Талдықорғанда (әрқайсысында -0,2%), Ақтөбе, Көкшетау, Қонаев, Қостанай қалаларында (әрқайсысында -0,1%) төмендеді. Алматы, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Өскемен, Қарағанды, Петропавл және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы келісіне 483 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкент қаласында тіркелді - келісі 321 теңге.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы келісіне 200 теңге деңгейінде қалыптасты. Ең қолжетімді бағалар Түркістан қаласында - 138 теңге, Қызылорда қаласында - 164 теңге деңгейінде белгіленді.

Ақ қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы келісіне 191 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында тіркелді - келісі 143 теңге.

Қызанақтың республика бойынша орташа бағасы 529 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Тараз қаласында (310 теңге), Шымкент және Түркістанда (324 теңге) байқалды.

Ет өнімдерінің ішінде республика бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бағасы келісіне 3 778 теңгені, ал қой етінің, оның ішінде сүйексіз етті қоса алғанда, орташа бағасы келісіне 4 493 теңгені құрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.