Қазақстан чемпионатының кезекті сырт алаңдағы матчы қарсаңында «Ертіс» футбол клубына ерекше қолдау көрсетілді. Команданың жаттығу базасында футболшылар мен жаттықтырушылар штабының «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл жиын дәстүрлі саяси кездесу емес, командалық рух, кәсібилік және өңірдің ортақ болашағы туралы мазмұнды әрі жылы әңгімеге ұласты.

Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидаттар Илья Теренченко, Сандуғаш Қалижанова, Жарқынбек Амантай, Гүлзира Атабаева және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Партия өкілдері жастардың қоғамдық бастамалардың басты қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өтіп, спортты және дарынды жастарды қолдау «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі екенін жеткізді. Қатысушыларға партия бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ондағы барлық бастамалар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әділетті мемлекет құруға, цифрлық сервистерді дамытуға және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталғаны айтылды.
Кездесудің ерекше әсерлі сәттерінің бірі футболшыларға арналған шынайы лебіздер болды. Құрылтай депутаттығына кандидат Гүлзира Атабаева «Ертіс» футбол клубының жай ғана команда емес екенін ерекше атап өтті.
«Бұл – қаланың тарихы, мінезі және жүз мыңнан астам адал жанкүйердің мақтанышы. Бізді кәсібилікке, біліктілікке және нәтижеге деген ұмтылыс біріктіреді. Сондықтан «Ертіс» пен «Әділет» партиясының ортақ құндылықтары өте көп».

Әңгіме барысында цифрлық мемлекет құру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Партия өкілдері «Әділеттің» цифрлық сервистері, eGov және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы партияға мүше болу мүмкіндіктері, сондай-ақ ішкі процестерді жетілдіруде жасанды интеллект технологияларын қолдану жөнінде айтып берді. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, заманауи технологиялар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыра отырып, азаматтардың игілігіне қызмет етуі тиіс.
Кездесудің ең әсерлі сәті – футболшылар мен жаттықтырушылар штабы қолтаңба қалдырған символикалық футбол добын табыстау болды. Бұл доп өзара құрметтің, қолдаудың және команда мен жанкүйерлер арасындағы бірліктің естелігі ретінде сақталады.
Кездесу соңында партия өкілдері «Ертіс» футболшыларына алдағы ойында сәттілік, жарқын жеңістер мен жаңа жетістіктер тіледі. Сонымен қатар олар «Ертістің» жеңістері әлдеқашан бүкіл Павлодар облысының мақтанышына айналғанын атап өтті.
Көкшетау қаласындағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін отандық «Kazrost Engineering» кәсіпорнында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясы сайлауалды штабы өкілдерінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында сайлауалды штаб өкілдері партияның бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Штаб мүшелері алдағы кезеңге арналған бастамалар мен жоспарларға тоқталып, кәсіпорын қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді. Басқосу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндірісті қолдау және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
Кездесуде отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек ұжымдарын қолдау, кәсіпкерлікті ынталандыру және ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Берген Беспалинов кездесудің маңызын атап өтіп, ашық диалогтың қоғам үшін қажеттілігін жеткізді.
«Бүгінгі кездесулердің басты мақсаты – халықтың пікірін тыңдап, нақты ұсыныстарын ескеру. Өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген азаматтардың мәселелері мен бастамалары елдің болашағын айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Біз әділетті қоғам құру жолында отандық өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамының мәртебесін арттыру бағытындағы бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға ниеттіміз», – деді Берген Беспалинов.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ашық әрі сындарлы форматта өткен басқосу өңір тұрғындарының сұраныстары мен бастамаларын талқылайтын тиімді диалог алаңына айналды.

Таң сәріден көшеге шығып, қаланың тазалығын қамтамасыз ететін коммуналдық қызметкерлердің еңбегі қоғамда жиі елене бермейді. Қызылордада «Қызылорда Тазалығы» ЖШС ұжымымен өткен кездесуде еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайы, жұмыс қауіпсіздігі, экологиялық мәдениет пен қаланың тазалығын сақтау мәселелері талқыланды.
Кездесуге облыстық және қалалық сайлауалды штабтың өкілдері Асхат Шәукенбаев, Әділжан Сәулебаев, Раушан Ысқақова және Бауыржан Төлеген қатысты.
Жүздесу барысында «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көзделген еңбек адамын қолдау, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы бастамалар таныстырылды.
Облыстық сайлауалды штабтың өкілі Асхат Шәукенбаев еңбек адамын қолдау кез келген елдің тұрақты дамуының басты алғышарттарының бірі екенін атап өтті.
«Біздің сайлауалды бағдарламамызда еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын күшейтуге ерекше басымдық берілген. Біз қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, лайықты еңбекақы төлеу тетіктерін жетілдіруге және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге басымдық береміз. Сонымен қатар "Таза Қазақстан" бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру – әр азаматтың ортақ міндеті. Бұл бағыттағы жұмыстың алдыңғы шебінде жүрген коммуналдық қызметкерлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалануы тиіс», – деді ол.

Кездесуде қаланың тазалығы тек коммуналдық қызметтің ғана емес, қоғамның ортақ жауапкершілігі екені айтылды. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жалғастырудың маңызын атап өтті.
Өз кезегінде «Қызылорда Тазалығы» ЖШС қызметкерлері күнделікті жұмыста кездесетін өзекті мәселелерді көтеріп, еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік қауіпсіздікті күшейту және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Ашық пікір алмасу барысында коммуналдық сала қызметкерлерінің ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелер ортақ талқыланды. Жүздесу еңбек адамының қоғамдағы рөлін айқындап, қаланың тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамалардың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды штабы Леңгір қаласындағы «Достық» базарында болып, кәсіпкерлермен, сауда қызметкерлерімен және келушілермен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған басымдықтар кеңінен таныстырылды.
Партия өкілдері шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау – экономиканы әртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және өңірлердің тұрақты дамуының басты тетігі екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді азайту, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыру, отандық өндірушілерді қорғау және салықтық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында облыстық партия филиалының төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрлан Толыбаев кәсіпкерліктің ел экономикасындағы орнына ерекше тоқталды.
«- Мемлекет кәсіпкерге күмәнмен емес, сеніммен қарайтын кез келді. Кәсіпкер күн сайын тәуекелге барып, жұмыс орнын сақтап, салық төлеп, халықты жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан оның уақытын тексерумен емес, ісін дамытуға жағдай жасаумен бағалауымыз қажет. Әділетті экономика – адал еңбек еткен адамның жолын ашатын экономика. Біз шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын көбейтіп, өңірлердің экономикалық қуатын арттыруды көздейміз. Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігі ең алдымен кәсіпкердің еркіндігі мен еңбегінің қорғалуынан басталады», – деді Нұрлан Толыбаев.
Штаб мүшелері партияның сауда саясаты бойынша белгілеген міндеттері ең алдымен қазақстандық өндірушіні қолдауға бағытталғанын айтты. Бағдарлама аясында жергілікті кәсіпкерлердің өнімін сауда желілерінің сөрелеріне шығаруға қолдау көрсетіліп, «Қазақстанда жасалған» бірыңғай сапа бренді қалыптастырылады. Сонымен қатар электрондық сауда мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қазақстандық өнімнің шетел нарығына шығуына жаңа жолдар ашылатыны түсіндірілді. Осы мәселелер бойынша кәсіби пікірлерін Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрсадық Ергешбек, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева, кәсіпкер Шыңғыс Шүменов, Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров білдірді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Кәсіпкерлер сауда саласын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, қаржыландыруға қолжетімділік, салықтық жүктеме және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Штаб мүшелері барлық ұсыныстар партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында ескерілетінін жеткізді. Базар кәсіпкерлері мен келушілер «Әділет» партиясының кәсіпкерлікті дамытуға, әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге және еңбек адамының мәртебесін көтеруге бағытталған бастамаларына қолдау білдіріп, алдағы сайлау науқанында іргелі өзгерістер үшін дауыс беретіндерін жеткізді.
Мүгедектігі бар жандардың еркін жүріп-тұруына қолжетімді орта қалыптастыру, білім алып, еңбек етіп, дамуына және өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік беру – «Әділет» партиясы өңірлік сайлауалды штабы мүшелерінің Ақтөбе қаласындағы Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының өкілдерімен өткен кездесуінің негізгі тақырыбы болды.
Кездесу барысында қатысушылар инклюзивті ортаны дамыту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және мүгедектігі бар жандардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін ашық диалог форматында талқылады. Ұйым жетекшісі Құралай Байменова қолжетімді тұрғын үйдің, сапалы медициналық көмектің, білім алудың және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жағдай жасаудың маңызды екендігін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде мүгедектігі бар азаматтардың көпшілігі еңбек етіп, білім алып, отбасы құрып, қоғам өміріне белсенді араласып келеді.
Құралай Байменова сондай-ақ ұйым жанындағы білім беру орталығының жұмысы туралы айтып берді. Мұнда менталды ерекшелігі бар алпысқа жуық адам еңбек дағдыларын меңгеріп, компьютерлік және қаржылық сауат бойынша білім алады. Сонымен қатар ол әлеуметтік қызметтер порталы сияқты цифрлық сервистердің маңызын атап өтіп, олардың мүгедектігі бар жандарға қажетті тауарлар мен қызметтерді өз бетінше алуына жол ашатынын айтты.
Өңірлік штаб мүшелері Бибігүл Биманова мен Жанымгүл Төлеуова инклюзивті ортаны дамыту тәжірибелерімен бөлісті. Бибігүл Биманова қолжетімділік тек бейімделген инфрақұрылым ғана емес, ең алдымен адамдарға құрметпен қарау, олардың қажеттіліктерін түсіну және баршаға тең мүмкіндік жасау екенін айтты. Ал Жанымгүл Төлеуова өз еңбек ұжымында инклюзивті қызмет көрсету қағидаттарын енгізу және қызметкерлерді осы бағытта оқыту тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуде үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру, еріктілер қозғалысын дамыту және «Инватакси» қызметінің жұмысын жетілдіру мәселелері де көтерілді. Қолдау орталығының өкілдері Гүлшара Тәженова, Қуаныш Кершетай бұл бағыттарда бірыңғай тәсілдер мен заңнамалық нормаларды қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Үгіт-насихат жұмыстары аясында Құрылтай депутаттығына кандидат Мейрамбай Кемалов пен «Әділет» партиясы өңірлік сайлауалды штабының мүшелері Ақтөбе қаласындағы «Truck Center» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Штаб өкілдері кәсіпкерлікті қолдау, отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға бағытталған партияның «Әділетті болашақ үшін!» сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бастамаларды таныстырды.
Кәсіпорынның техникалық директоры Вячеслав Шариковтың айтуынша, «Truck Center» ЖШС арнайы техника жасаумен және құрастырумен айналысады. Бүгінде кәсіпорында 94 адам еңбек етеді. Ашық пікір алмасу барысында кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңейту, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының қазақстандық өндірісті дамытуға бағытталған бастамаларына ерекше назар аударылды. Бағдарламада ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және ұлттық компаниялардың сатып алулары кезінде отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді жеткізу шарттары мен офтейк-келісімшарттарды кеңінен қолдану көзделген. Мұндай тетік «Truck Center» ЖШС сияқты кәсіпорындарға өндіріс көлемін алдын ала жоспарлауға, инвестиция тартуға, жабдықтарды жаңғыртуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Мейрамбай Кемалов ірі жобалардағы қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің үлесін арттыру, отандық инвестор мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекіту және өндірісті дамытуды қаржыландырып отырған кәсіпорындарға арнайы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі бастамалар туралы да айтты. Сонымен қатар қосылған құны жоғары әрі импортты алмастыру әлеуеті зор өнім шығаруды ынталандыруға басымдық берілетіні атап өтілді. Бұл машина жасау саласындағы кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты – қазақстандық өндірушілердің өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға шығару. Штаб мүшелері партияның «Қазақстанда жасалған» бірыңғай брендін қалыптастыруды, отандық кәсіпорындардың сауда желілеріне, цифрлық платформаларға және мемлекеттік сатып алуға қолжетімділігін кеңейтуді, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты қолдауды күшейтуді ұсынатынын түсіндірді. Сонымен бірге өнімнің шығу тегін растауға, тұтынушылардың сенімін арттыруға және адал өндірушілерді қорғауға мүмкіндік беретін тауарларды цифрлық қадағалау жүйесін енгізу қарастырылғаны айтылды.
«Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі – ауылдарды жан-жақты дамыту, ауыл кәсіпкерлігін қолдау және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру.
Үгіт-насихат жұмыстары аясында Құрылтай депутаттығына үміткерлер Ақжол Құрмансейіт пен Алмат Жөкебаев Ұлытау ауданына қарасты Терісаққан және Қорғасын ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
«Ауыл – елдің алтын қазығы. Сондықтан ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартып, кәсіп бастауға және еңбек етуге қолайлы жағдай жасау – партиямыздың негізгі міндеттерінің бірі», - деді кандидаттар.
Ұлытау облысының ауылдық елді-мекендерінде соңғы 3 жылда 20 фельдшерлік амбулатория ашылды. 250-астам тұрғын жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие алып, кәсібін дамытқан. Сондай-ақ ауылдық жерлерде спортты дамыту мақсатында да жұмыстар жүргізілуде.
Ауылдарға сапар барысында кандидаттар «Есіктен-есікке» акциясын өткізді. Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, ардагер журналист Мағзұмбек Машайқовтың үйіне барып, партия бағдарламасымен таныстырды. Зейнеткер өз кезегінде заман жастардыкі екенін айтып, алғысын білдірді.
Отандық өндірісті дамыту, экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды қолдау және сапалы жұмыс орындарын құру партияның «Әділетті болашақ үшін!» сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарының бірі екенін атап өткен штаб өкілдері қатысушыларды сайлауға белсенді қатысып, саналы таңдау жасауға шақырды.
Партия өкілдері сайлауалды бағдарламада инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған нақты шаралар қарастырылғанын жеткізді. Атап айтқанда, әлеуметтік және оңалту қызметтерін кеңейту, кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін арттыру, цифрлық сервистерді бейімдеу және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін жақсарту көзделген. Кездесу соңында қатысушылар тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыру жолында мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың бірлескен жұмысы аса маңызды екенін атап өтті.
