Судья Темірәлиевтің шешімімен Ш.Аймахан ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Нұрай Серікбайдың ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
236
оқылды

Шымкенттегі мамандандырылған аудандық сотта Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот үкімімен сотталушы Шерхан Аймахан кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Судья Темірәлиевтің шешімімен Ш. Аймахан ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Атап айтқанда, ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағында көзделген «аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру», 125-бабының 1-бөлігінде көрсетілген «некеге тұруға мәжбүрлеу» және 115-бабының 2-бөлігіндегі «сталкинг» қылмыстарын жасағаны үшін сотталды.

Сот осы баптар бойынша сотталушының кінәсін толық дәлелденді деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.