2021-2023 жылдар аралығында Су шаруашылығы комитеті топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 6 жобаны аяқтаса, 2024-2025 жылдары бұл көрсеткіш 18 жобаға жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Нәтижесінде, 317 елді мекеннің сумен жабдықталуы жақсарды. Бұл елді мекендерде 713 мың адам тұрады. Оның ішінде 71 ауылдық елді мекендегі 115 мың тұрғын алғаш рет орталықтандырылған су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.
«Министрлік құрылғаннан кейін топтық су құбырларын салу және реконструкциялау, сондай-ақ елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешу жұмыстары айтарлықтай жеделдетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 145 елді мекенді немесе 457,7 мың адамды қамтитын 14 жоба жүзеге асырылып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
