12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанда өтетін БРИКС XVIII саммитіне қатысады
Фото: Ақорда
198
оқылды

Президент Нью-Делиде «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.

4-16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі.

16 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.