Өткен жылдан бері ҚР ІІМ ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің сұрауы бойынша 344 қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде шетелдік әріптестердің көмегімен Қазақстан іздеу жариялаған 82 адам анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесуде ақпарат алмасуды жеделдетуге, бейінді қызметтердің тікелей өзара іс-қимылын күшейтуге және полиция атташелерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды.
— Қылмыс шекара талғамайды. Сондықтан оған қарсы тұру ісін де бірлесіп жүргізуіміз керек. Мұнда ақпарат алмасудың жеделдігі, қызметтеріміз арасындағы өзара сенім және нақты нәтиже маңызды, — деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Қазақстанның Ішкі істер министрі әріптестерін қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін белсендірек пайдалануға, жедел бөлімшелер арасындағы тікелей байланысты нығайтуға және полиция атташелерінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға шақырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
