Астанада 12 және 13 қыркүйекте Бұқар Жырау мен Төле би көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, шектеу Төле би көшесінің Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігін салуға байланысты енгізіледі.
Осы учаскеде жол құрылысы жүргізіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарына сапар бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылды.
