Рыбакина рейтингте басты қарсыласы Арина Соболенкодан 2026 ұпайға алға шықты
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
223
оқылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орынға көтеріліп, ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

Рыбакина рейтингте басты қарсыласы Арина Соболенкодан 2026 ұпайға алға шықты. Осылайша қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастады.

Бұл жетістік Рыбакинаның биылғы маусымдағы табысты өнерінің нәтижесі болды. Қазақстандық спортшы 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, «Үлкен дулыға» санатындағы кезекті титулын иеленген еді.