Түркістан облысында «Әділет» партиясы бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейтуге, партия мүшелерінің белсенділігін арттыруға және ішкі партиялық байланысты нығайтуға басымдық беріп келеді. Осы мақсатпен партияның Түлкібас аудандық филиалы БПҰ мүшелерімен тұрақты кездесулер өткізуді маңызды бағыт деп қарайды.
Бастауыш партия  ұйымдарымен кездесті
115
оқылды

Аудан аумағындағы бастауыш партия ұйымдары мен партиялық топтардың мүшелерімен кездесу жұмыстары «Майлыкент» БПҰ-ның «М. Ломоносов» жалпы білім беретін мектебіндегі партиялық тобынан басталды. Кездесулер барысында партияның бағдарламалық бағыттары мен қабылдаған шешімдері түсіндіріліп, партияның алдағы міндеттері, жаңа бастамалары мен жобалары талқыланды. 

«Әділет» партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Ержан Жүнісов бастауыш ұйымдардың партиялық жұмыстағы ерекше рөліне тоқталып, онда­ғы мүшелерді қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға шақырды. Филиал төрағасы партияның халық арасындағы беделі мен қоғамдық қолдауы тек ақ­параттық жұмыстармен емес, нақты іспен, азаматтар­мен тұрақты байланыспен және жергілікті мәселелерді шешуге белсенді қатысумен қалыптасатынын атап өтті.

Алдағы кездесулерде БПҰ қызметінің тиімділігін арттыру, партия мүшелерінің жауапкершілігін күшейту, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысу және халықпен кері байланысты жаңа деңгейге шығару мәселелеріне басымдық берілмек.

Бекбол АМАНГЕЛДІ