Аталған бейнеролик Сарыағаш аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің назарына ілікті.
Жол ортасында қауіпті әрекет жасаған жас жігіт жазаланды
Фото: видеодан скрин
128
оқылды

Түркістан облысында жол ортасында қауіпті әрекет жасаған жас жігіт жазаланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түркістан облысында жас жігіттің жолдың дәл ортасында қауіпті әрекет жасап жүрген бейнеролигі Instagram әлеуметтік желісінде тарады. Бір қарағанда қарапайым контент сияқты көрінгенімен, оның әрекеті жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірген. 

Аталған бейнеролик Сарыағаш аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің назарына ілікті. Полицейлер әлеуметтік желідегі жазбаны зерделеп, бейнероликтегі азаматтың жеке басын анықтады. 

Ол Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты заңнамаға сәйкес шара қолданып, оның автокөлігін айыптұраққа қойды. 

Полиция қызметкерлері бір сәттік хайптың орны толмас өкінішке ұласуы мүмкін екенін ескертті. Қауіпсіздік кез келген қаралымнан маңызды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.