Қазгидромет 16 қыркүйек, сәрсенбі күні ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болатынын болжады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, еліміздің басым бөлігінде негізінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Сонымен қатар еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Республика бойынша жел күшейеді. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі жоғары екені болжанады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысында, сондай-ақ Қарағанды облысының, Абай, Жетісу, Атырау және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
