Қазгидромет 17 қыркүйекте ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 17 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түнде облыстың шығысындағы екпіні 15-18 м/с қамтиды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 17 қыркүйекте түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 17 қыркүйекте күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Түркістан облысының батысында шаңды дауыл соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 17 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 17 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Оралда 17 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 17 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Өскеменде 17 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 17 қыркүйекте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 17 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 17 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
