Ол інісінің еңбекқорлығы мен адалдығын бағалайтынын айтты.
Еркебұлан Тоқтар інісіне қымбат көлік сыйлады (видео)
Фото: видеодан скрин
203
оқылды

Актер, аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар інісіне Mercedes-Benz G-Class көлігін сыйға тартты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол інісінің еңбекқорлығы мен адалдығын бағалайтынын айтты. Актер жақында жеке кәсібін ашқан. Оның жұмысын інісі жүргізеді. Алайда ол осы уақытқа дейін еңбекақы сұрамаған. Спортшы інісінің осы қасиетіне риза болғанын айтты.

«Бүкіл тірлікті осы жүргізеді. Осы уақытқа дейін бір рет те маған «Қанша жалақы төлейсің?» деген әңгіме айтқан емес. Міне, сол үшін Гелик саған. Құтты болсын», – деді актер.

Еркебұлан Тоқтар басында көлікті сатып, қарыздарын жабуды жоспарлағанын айтты. Бірақ кейін жоспары өзгерген.

«Бұл көлікті сатамын деп жүрдім. Маған сол кезде ақша керек болды, қарызым бар еді. Осы көлікті салонға апара жатқан кезде көліктің Әділге қалай жарасып тұрғанын, оның қалай қуанып тұрғанын көрдім де, Аллаға дұға жасадым. «Алла, маған керек ақшаны басқа жолмен беретін болсаң, мына көлікті Әділге сыйлаймын» дедім. Ертесіне бірнеше жоба бойынша ұсыныс түсті», – дейді Еркебұлан Тоқтар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.