17 қыркүйекте «Онды – Ұштаған» автожолында болған жол-көлік оқиғасынан екі 10-сынып оқушысы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жол апатынан Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектептің оқушысы Ермек Жәнібекұлы мен Ұштаған ауылындағы А.Өтепбергенов атындағы мектептің оқушысы Аружан Нұрқан көз жұмды.
Ермек пен Аружан білім саласында белсенді, дарынды оқушылар болған. Олар робототехникамен айналысып, жасанды интеллект көмегімен анимациялық фильмдер жасаған. Сондай-ақ аудандық, облыстық және республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
Қайғылы жағдайға байланысты Маңғыстау аудандық білім бөлімі марқұмдардың ата-аналарына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
– Алла Тағала марқұмдардың иманын жолдас етіп, жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын. Отбасыларына сабыр мен күш-қуат берсін, – делінген көңіл айтуда.
