Жарыс уақыты мен қатысушылардың тізімі өзгеруі мүмкін.
Азиада-2026: Қазақстан спортшыларының 22 қыркүйектегі жарыс кестесі жарияланды
Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҰОК
219
оқылды

22 қыркүйекте Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары бірнеше спорт түрінен сынға түседі. Бұл күннің бағдарламасында іріктеу кезеңдерімен қатар, Қазақстан құрамасының өкілдері қатысатын финалдық жарыстар да бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды. Астана уақыты көрсетілген. Айта кетейік, жарыс уақыты мен қатысушылардың тізімі өзгеруі мүмкін.

Спорт түрі: тасжолдағы велоспорт, әйелдер. Топтық жарыс, финал

Кімдер: Рината Сұлтанова, Виолетта Казакова, Елизавета Склярова

Уақыты: 05:00

Спорт түрі: киберспорт. eFootball, топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Малайзия

Уақыты: 05:00

Спорт түрі: нысана көздеу. 10 метрден пневматикалық мылтықпен ату, аралас команда

Кімдер: Ислам Сәтпаев, Александра Ле

Уақыты: 05:45 – іріктеу, 07:55 – финал

Спорт түрі: стенд ату, скит. Ерлер және әйелдер. Іріктеудің екінші күні

Кімдер: Александр Мухамедиев, Артём Седельников, Давид Почивалов; Зоя Пискун, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева

Уақыты: 06:00

Спорт түрі: үстел теннисі, әйелдер. Командалық жарыс

Кімдер: Қазақстан – Өзбекстан

Уақыты: 06:00

Спорт түрі: 5×5 баскетбол, әйелдер. Топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Гонконг

Уақыты: 06:00

Спорт түрі: семсерлесу, рапира, ерлер. Жекелей жарыс

Кімдер: Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов

Уақыты: 06:00 – іріктеу; 1/16 финал – 09:30, 1/8 финал – 10:30, ширек финал – 11:30, жартылай финал – 13:20, финал – 14:40

Спорт түрі: волейбол, әйелдер. 7-8 орындар үшін матч

Кімдер: Қазақстан – Вьетнам

Уақыты: 06:00

Спорт түрі: жүзу, әйелдер. 100 метрге еркін стильде жүзу, іріктеу

Кімдер: София Абубакирова, Софья Сподаренко

Уақыты: 06:09

Спорт түрі: жүзу, әйелдер. 200 метрге шалқалай жүзу, іріктеу

Кім: Ксения Игнатова

Уақыты: 06:38

Спорт түрі: жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең

Кімдер: Кирилл Гурин / Сергей Богату

Уақыты: 07:00

Спорт түрі: жүзу, ерлер. 4×100 метрге кешенді жүзу эстафетасы, іріктеу

Кімдер: Айбат Мырзамұратов, Александр Румынский, Максим Сказобцов, Әділбек Мусин

Уақыты: 07:29

Финалдық кезең: 13:00-ден бастап

Спорт түрі: семсерлесу, шпага, әйелдер. Жекелей жарыс

Кімдер: Владислава Андреева, Ирина Бакалдина

Уақыты: 07:45 – іріктеу; 1/16 финал – 09:50, 1/8 финал – 10:50, ширек финал – 11:30, жартылай финал – 14:00, финал – 15:00

Спорт түрі: үстел теннисі, ерлер. Командалық жарыс, плей-офф

Кімдер: Қазақстан – Бахрейн

Уақыты: 08:30

Спорт түрі: каратэ. 55 келіге дейінгі салмақтағы кумитэ, әйелдер

Кім: Белла Самашева

Уақыты: 08:50 – ширек финал; ықтимал жартылай финал – 09:15, жұбаныш жекпе-жегі – 09:45, қола жүлде үшін жекпе-жек – 10:05

Спорт түрі: жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең

Кімдер: Дмитрий Яковлев / Абдулмажид Мохаммад

Уақыты: 09:00

Спорт түрі: гандбол, әйелдер

Кімдер: Қазақстан – Вьетнам

Уақыты: 09:30

Спорт түрі: спорттық гимнастика, әйелдер. Жекелей снарядтар бойынша іріктеу, көпсайыс финалы

Кімдер: Амели Мукушева, Дарья Ясинская, Амина Халимарден, Радмила Тарасова, Эвелина Ежова

Уақыты: 10:00

Спорт түрі: су добы, әйелдер. Айналмалы жүйе

Кімдер: Қазақстан – Таиланд

Уақыты: 10:30

Спорт түрі: ММА. Traditional, 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі, ерлер. Финал

Кім: Еркінғали Бүркіталин

Уақыты: 10:34

Спорт түрі: каратэ. 75 келіге дейінгі салмақтағы кумитэ, ерлер

Кім: Нұрқанат Әжіқанов

Уақыты: 10:40 – ширек финал; ықтимал жартылай финал – 11:05, жұбаныш жекпе-жегі – 11:15, қола жүлде үшін жекпе-жек – 11:30

Спорт түрі: гандбол, ерлер. Топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Кувейт

Уақыты: 11:00

Спорт түрі: үстел теннисі. Аралас жұп, 1/64 финал

Кімдер: Кирилл Герасименко / Зәуреш Ақашева

Уақыты: 11:10

Спорт түрі: ММА. Modern, 71 келіге дейінгі салмақ, ерлер. Финал

Кім: Қадырбек Шынбаев

Уақыты: 12:04

Спорт түрі: киберспорт. eFootball, топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Тәжікстан

Уақыты: 13:30

Спорт түрі: 3×3 баскетбол, әйелдер. Топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Қытай

Уақыты: 13:40

Спорт түрі: ушу-саньда, ширек финал

Кімдер: Аян Тұрсын, 52 келіге дейін; Әлижан Аблағатов, 70 келіге дейін; Абдурашид Абдуллаев, 75 келіге дейін

Уақыты: 14:00

Спорт түрі: киберспорт. Gran Turismo 7, іріктеу

Кім: Нұрсұлтан Сүтемгенов

Уақыты: 14:30

Спорт түрі: 3×3 баскетбол, әйелдер. Топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Шри-Ланка

Уақыты: 15:45