Шараның мақсаты – балаларды кішкентай күнінен шынықтыру, белсенді өмір салтына үйрету және ата-аналарды да спорттық ортаға тарту. Себебі бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел намысын қорғайтын чемпион! «Үлкен теннис – болашақ чемпиондар алаңы» атты фестивальға 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер, олардың ата-аналары мен балабақша тәрбиешілері қатысты. Фестивальды Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кішкентай спортшылар қызықты эстафеталар мен сайыстарда бақ сынап, спортқа деген алғашқы қадамдарын жасады. Шара соңында «Әділет» партиясы Әйелдер қанаты атынан сыйлықтар табысталды.
Бекбол АМАНГЕЛДІ
