Халықты газбен қамту аясын кеңейту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалғасуда.
Ауылдағы 730 үйге табиғи газ қосылды
Фото: gov.kz
398
оқылды

Энергетика министрлігі газ инфрақұрылымын кеңейту және халықты табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Ақмола облысының Қызылсуат ауылында газдандыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, 730 абонентке табиғи газға қосылуға мүмкіндік берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

QazaqGaz Aimaq  АҚ мәліметінше, жоба аясында 67,3 шақырым газ құбыры тартылып, 1 газ реттеу пункті және 8 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Құрылған инфрақұрылым тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне кезең-кезеңімен қосуға мүмкіндік береді.

Жалпы, 2026 жылы еліміз бойынша газдандырудың 40 жобасы іске асуда, оның ішінде 7 жоба өткен жылдан ауысқан. Жобаларды іске асыру нәтижесінде тағы 37 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді.

2035 жылға қарай еліміздегі газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу жоспарлануда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.