Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Оның ішінде 13,4 млрд теңге халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі.
Өңірлер бөлінісінде пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына – 58,7%, Астана қаласына – 13,2% және Қарағанды облысына 3,2% тиесілі.
Ауылдық жерлерде есепті мерзімде көрсетілген қызметтердің көлемі 2,0 млрд теңгені құрады.
Пошта және курьерлік қызметтердің ең жоғары көлемі Алматы қаласында тіркелді – 33,6 млрд теңге. Одан кейін Астана қаласы – 7,6 млрд теңге және Қарағанды облысы – 1,8 млрд теңге.
Пошта және курьерлік қызметтердің негізгі түрлеріне пошта және арнайы жөнелтілімдерді, оның ішінде сәлемдемелерді, бандерольдерді және хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу қызметтері жатады.
Пошта және курьерлік қызметтер көлемі млн теңге
|
Пошта және курьерлік қызметтер көлемі, 2026 жылғы қаңтар-тамыз |
Оның ішінде |
Пошта және курьерлік қызметтер көлемі, 2025 жылғы қаңтар–тамыз |
оның ішінде |
|
|
халыққа көрсетілген қызметтер |
халыққа көрсетілген қызметтер |
|||
|
Қазақстан Республикасы |
57204,1 |
13421,1 |
56578,1 |
13555,7 |
|
Абай |
464,6 |
223,1 |
468,1 |
242,6 |
|
Ақмола |
823,5 |
273,1 |
905,0 |
336,4 |
|
Ақтөбе |
1 248,4 |
543,9 |
1 158,5 |
483,4 |
|
Алматы |
1 428,6 |
531,7 |
865,1 |
378,3 |
|
Атырау |
634,5 |
347,5 |
696,2 |
289,3 |
|
Батыс Қазақстан |
752,3 |
336,0 |
804,1 |
373,7 |
|
Жамбыл |
937,3 |
680,3 |
852,2 |
599,2 |
|
Жетісу |
596,9 |
180,5 |
484,8 |
167,7 |
|
Қарағанды |
1 817,6 |
1 051,0 |
1 917,6 |
1 073,7 |
|
Қостанай |
1 148,6 |
613,1 |
1 251,4 |
670,2 |
|
Қызылорда |
745,3 |
93,5 |
577,5 |
93,2 |
|
Маңғыстау |
690,8 |
274,1 |
737,8 |
290,1 |
|
Павлодар |
876,5 |
295,9 |
951,0 |
342,0 |
|
Солтүстік Қазақстан |
794,6 |
367,2 |
870,1 |
358,8 |
|
Түркістан |
971,8 |
445,7 |
778,0 |
371,0 |
|
Ұлытау |
126,9 |
25,4 |
114,1 |
26,6 |
|
Шығыс Қазақстан |
1 065,7 |
475,1 |
1 100,6 |
460,2 |
|
Астана қаласы |
7 563,7 |
1 598,2 |
7 742,3 |
1 543,3 |
|
Алматы қаласы |
33 591,0 |
4 680,9 |
33 331,1 |
5 091,3 |
|
Шымкент қаласы |
925,4 |
385,5 |
972,6 |
364,9 |
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
