Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандық жауынгер 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Еркінғали алтын жүлде үшін өткен ақтық бәсекеде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды.
