Спортшы 71 келіге дейінгі салмақта (modern) жеңіс тұғырына көтерілді.
Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Аичи-Нагоя 2026 Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: Владислав Семенов
308
оқылды

Қазақстандық жауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақта (modern) жеңіс тұғырына көтерілді.

Қадырбек алтын жүлде сарапқа салынған жекпе-жекте тәжікстандық Бехруз Хуршедзодадан 3:0 есебімен басым түсті.

Осылайша,  Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медаль салды. 

Айта кетейік, бұған дейін Еркінғали Бүркіталин (77 келіге дейін) алтын алған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.