Әйелдер арасында 2000 метр қашықтықтағы (LE2X) сайыста Мария Чернец пен Екатерина Носкова 7:09.00 уақытымен А финалына өтті.
Академиялық ескек есуден отандастарымыз Азия ойындарын бастады
Фото: gov.kz
172
оқылды

Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында академиялық ескек есу жарысының іріктеу кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 2000 метр қашықтықтағы (LE1X) сайыста Роза Кеңес 7:49.70 уақыт нәтижесімен А финалына шықты.

Әйелдер арасында 2000 метр қашықтықтағы (LE2X) сайыста Мария Чернец пен Екатерина Носкова 7:09.00 уақытымен А финалына өтті.

Ерлер арасында 2000 метр қашықтықтағы (M2) сайыста Владислав Яковлев пен Иван Чернухин 6:20.89 уақытымен А финалында жүлдеге таласады.

Әйелдер арасында Валентина Волкодавова, Афина Белоногова, Тамара Первушкина, Варвара Белоногова төрттігі (W4) іріктеу кезеңінде 6:41.48 көрсеткішімен А финалына шықты.

2000 метр қашықтықты (M1X) құрайтын сайыста Бапан Асханбек 7:00.52 уақыт көрсеткішімен В финалына өтті.

2000 метр қашықтықты (M2X) құрайтын жұптық сайыста Алексей Красновский мен Владислав Галкин 6:36.28 көрсеткішімен В финалына жолдама алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.