Астана халықаралық әуежайында Қазақстан халқының тілдері күніне орай тіл фестивалі өтті. Фестиваль қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылып, әуежайдың түрлі қызметтерінде жұмыс істейтін қызметкерлерді біріктірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әуежай Аппаратының басшысы Әділбек Асанұлы Абдықалықов қатысушыларды мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
Фестиваль қорытындысы бойынша үздік командалар мен қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Сонымен қатар фестиваль аясында жұмыскерлер арасында өткізілген корпоративтік диктанттың жеңімпаздары да марапатталды.
Фестиваль жұмыскерлердің тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, көптілді ортадағы кәсіби қарым-қатынасты дамытуға бағытталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
