Бүгін ушудан ХХ жазғы Азия ойындары мәресіне жетті.
Абдурашид Абдуллаев XX Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: gov.kz
171
оқылды

Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ушудан Қазақстан командасы кезекті жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ерлер арасында саньда бағдарламасында 75 кг дейінгі салмақта Қазақстан командасының спортшысы Абдурашид Абдуллаев финалда Иран өкілі Сохеил Мусавимен кездесіп, ұпай айырмашылығымен жол берді.

Еске сала кетейік, кеше отандасымыз жартылай финалда Тайбэй өкілі Хуан Жангты техникалық нокаутпен ұтқан.

Осыған дейін Аичи-Нагоя 2026 бәсекесінде Қазақстан ушудан қола медаль жеңіп алған. Оның иесі Әлижан Аблағатов (саньда, -70 кг).

Осылайша, Қазақстан командасы 2014 жылғы Инчхон ойындарындағы нәтижесін қайталады. Біздің спортшылардың ушудан Азиададағы көрсеткіші мынадай:
Бангкок-1998 - 2 қола медаль
Инчхон-2014 - 1 күміс, 1 қола медаль
Ханчжоу 2023 - 1 қола медаль
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.