51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында отандасымыз Үндістан өкілі Сакшимен кездесті.
Боксшы Алуа Балқыбекова Азия ойындарының ширек финалына өтті
244
оқылды

Қазақстан құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында отандасымыз Үндістан өкілі Сакшимен кездесті.

Алуа Балқыбекова төрешілердің шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың ширек финалына өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) да алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.