Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Непал Сыртқы істер министрі Шисир Ханал Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Непал Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Непал арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
