Оқырмандарынан түрлі жазбалар келіп жатқанын айтты.
«Кешірім бер деп сұрамаңыздар»: Фариза Алмасқызы бұрынғы күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді
Фото: видеодан скрин
108
оқылды

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы әлеуметтік желіде соттан кейін түрлі пікір айтылып жатқанын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол оқырмандарынан түрлі жазбалар келіп жатқанын айтты. Кейбірі кешірім беруге үгіттеп жатқанын да жасырмады.

“Мына негативтің бітетін түрі жоқ. Сот біткеннен кейін барлығы тынышталатын шығар десем, керісінше ушығып жатқан сияқты. Оқырмандарым неше түрлі жазбалар жіберіп жатыр. Әркім әртүрлі қылып салған. Біреуі “Нұрсұлтанды қорғап, ақтап шығамын” дейді. Оның адвокаттары да “Осының барлығын Фариза әдейі жасаған шығар” деп жатыр екен. Шынымды айтсам, барлығынан шаршадым. Мен халықтан көмек сұрап, әділдікті талап етіп, намысымды қорғаған қызбын. Оның әке-шешесіне де, Нұрсұлтанның өзіне де ешқашан тіл тигізіп, жеке басына тиісіп, ауыр сөздер айтпағанмын. Өзі екі жыл бойы қоймағаннан кейін заңға жүгініп, өзімді қорғамасқа амалым қалмаған. Енді өзі әділетті түрде жазасын алуы керек. Кешірім бер деп сұрамаңыздар», - деді ол.

Сонымен қатар өзіне және отбасына айтылған ауыр сөздерге көз жұмып қарай алмайтынын атап өтті.

«Менің ар-намысымды, қанша жыл бойы көрген қорлығымды, жазықсыз жапқан жаланы, ата-анама ауыр тіл тигізгенін бәріне көз жұмып қарай сал деп тұрсыздар ма? Бір күн тыныштық бермеді ғой, айналайындар-ау! Әлде тек әйел адам қиналып, азапталып өлсе ғана еркек жазалануы керек пе? Бұл сіздер үшін жай нәрсе ме? Әлі күнге дейін біраз нәрсені жасырып отырмын. Сіздер естімеген, көрмеген қаншама нәрсе бар. Ақ-қарасын білмей жатып, орынсыз сөйлеуді қойыңыздар!" – деп жазды Фариза Алмасқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.