Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.
Ерлан Тасмағамбетов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Сурет: Нұрғали Жұмағазы
167
оқылды

Қазақстандық спортшы Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз суперфиналда ел намысын қорғады. Нәтижесінде Ерлан төрешілердің шешімімен 54.69 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды - 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды - 63.83.

Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.